https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/03022016
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/03022016

Жастарды жат ағымнан сақтандыру

04 Feb 2016 0 comment Оқылды: 1910 рет

 

{gallery}03022016{/gallery}Кездесу барысында жат діни ағымдармен күрес, діни экстремизмнің алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, үгіт-насихат арқылы жастарды отансүйгіштікке баулып, ата-ананы сыйлауға шақыратын ұлттық құндылықтарымыз жайлы айтып, өскелең ұрпақты соңғы кездері жасөспірімдер арасында жиі орын алып келе жатқан суицид, бұзақылық сынды т.б. жағымсыз қылықтардан аулақ болуға, Сондықтан, әлемдік және аймақтық деңгейдегі діни-саяси экстремизмнің кең қанат жаюымен қатар туындайтын бүгінгі күндегі күрделі мәселелерден Қазақстанның шет қала алмасын ескере отырып, жат діни ағымдардың теріс идеялары мен әрекеттеріне қарсы заңнамалық және идеологиялық тосқауыл қоюдың жолдарын талқылаудың маңызы зор екені даусыз.

Қазақстан қоғамын исламдық бағыттағы радикалдық ағымдармен (сәлафилер, такфирлер, жиһадшылар) қатар «Таблиғ Жамағаты» діни-миссионерлік ұйымының ендеп кіруі алаңдататындығы баршамызға мәлім. 2013 жылғы 26 ақпанда Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының «Таблиғ жамағаты» діни-миссионерлік ұйымын экстремистік деп танып, оның Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым тыйым салынған болатын.

Жат ұйымның еліміздің заңына, шариғи үкімдерге, ұлттық санамызға, адамдар құқығына кері әсер келтіретін жақтарын жастарға ашып көрсетіп, діни тұрақтылығымыз бен ауыз біршілігімізді сақтау тек имам молдалардың емес баршамыздың отан алдындағы борышымыз.

Жиын соңы сұрақ-жауапқа ұласып, жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын имамдарға жолдап, дәйекті жауаптар алды.

Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылдық мешітінің бас имамы Медетбеков Аман

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз