https://www.facebook.com/taglym

          

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/21012016
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/21012016

Ескелдідегі есте қалар Мәуліт мерекесі

21 Jan 2016 0 comment Оқылды: 1473 рет

 

{gallery}21012016{/gallery}Қаңтар айының 18-ші жұлдызы күні  аудан имамы Жұмағалиев Болат Сағынғалиұлының ұйымдастыруымен адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.ғ.с) туылған айының құрметіне Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Мерекеге Алматы облысы Дін істер бас-қармасының төрағасы Т.Қасымберкебаев, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы бас мүфтиінің орынбасары, Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, Талдықорған Өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Ахмадиев, танымалы актер Бекжан Тұрыс және «Өнер қырандары» театрының жігіттері арнайы қонаққа келді.

Алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Н.Қылышбаев жиналған жұртшылықты Мәуліт мерекесімен құттықтады. Одан кейін облыстан келген Т.Қасымберкебаевта  көпшілікке деген  жүрек жарды жылы лебізін білдірді.

Серікбай қажы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с ) өмірі жайлы әсерлі уағыз айтып,  мерекемен құттықтады. Құттықтау сөзден кейін, өңір имамдары Пайғамбарымызға арнап мәуліт оқыды.

«Жетісу» мейрамханасының иесі Жанат Қарабековке осы қасиетті мерекені өткізуге белсене атсалысқаны үшін Талдықорған өңірінің өкіл имамы ризашылығын білдіріп, оған электронды жайнамаз сыйлап,  Алғыс хат тапсырды.

Мейрамханаға лық толған көпшілік, бір жарым сағаттық болған рухани мерекені зор ықыласпен тамашалап, аудан әкімі Н.Қылышбаев осынау мереке құрметіне төрт түліктің төресі болған сыйға берген жылқы малын құрбандыққа шалып арнайы жайылған дастарханынан дәм татып,  Көптен бері осындай имандылық насихатқа зәру халық, рухани азық алып, көңіл қуаныштарымен тарқасып жатты. 

Талдықорған өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз