https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/20012016
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/20012016

Пайғамбарға сағынышты сезінген Жетісу жұртшылығы

21 Jan 2016 0 comment Оқылды: 1078 рет

 

{gallery}20012016{/gallery}Таң сәріден жиналған жетісу жұртшылығы еңкейген қарттан бастап, еңбектеген сабиге дейін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бөлігі болып саналатын, мүбарак сақал шарифін Алланы ұлықтаған ұран арқылы Пайғамбарға деген сағынышпен қарсы алды. Бұл игі шара ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының бастамасымен Талдықорған орталық «Иман» мешітінде көпшілік назарына ұсынылды.

Ине шаншар жер табылмаған мешіттегі лық толған дүйім жұртшылық, бірде-бір сәтке тоқтамаған салауат айтумен қатар, Пайғамбарымыздың қасиеттері мен сипаттарын уағыздауға арнайы келген белгілі дінтанушы ғалым Мұхиддин Исаұлының ғибратты да өнегелі уағызынан көпшілік нәр алып, михрабта құдды Пайғамбардың өзі тұрғандай сезінген мұсылман жұртшылығы көз жасын тыя алмай, еңіреп жылаумен болды.

Бесін намазынан басталып, құптан намазына дейін жалғасқан аталмыш шараға бес мыңнан астам мұсылман бауырларымыз ағыла жиналып қатысып, тәкбірлей Алланы ұлықтап, салауатпен Пайғамбарға «Махмуд мақамын» тілеп, Расулдің бөлігін, яғни мүбарак сақал шарифін қимастықпен шығарып салды.

Талдықорған өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз