{gallery}09012015{/gallery} Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының ұйымдастыруымен Алакөл ауданы Лепсі ауылында тұңғыш рет жоғары деңгейде Мәуліт мерекесі болып өтті. Бұрын-соңды бұл ауылда көпшілікпен Мәуліт мерекесі бұлай аталып өтпеген еді. Лепсіде қазақ, татар және орыс ұлты сан жылдардан бері берекесі мен ауызбірлігі жарасып тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Рухани кешті Алакөл ауданының орынбасары Салтанат Дәулетханқызы құттықтау сөзімен бастады. Өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлы Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с-ның тәрбие мен тағылымға толы ғұмыры жайлы өмірбаянынан сыр шертіп, көпшілік жүрегін толғандырып көздеріне жас алды. Мәуліт мерекесін Жетісу газеті бас редакторының орынбасары ,ақын Жұматай Оспанов ағамыз өзінің шебер де майда тілімен қызықты да көңілді жүргізе білсе, әнші, композитор, ҚР еңбек сіңірген әртісі Данияр Құрамысов Ләббәйк әнін айтты. Айтыскер, ақын Алғысбек Дәурен Пайғамбарға арнау термесін орындап, жиналған жұртқа керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
03:27
Күн
04:53
Бесін
11:49
Екінті
16:37
Шам
18:40
Құптан
20:05
19
сәуір 2025
сенбі
20 Шәууәл 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!