{gallery}25122015{/gallery}Қайырымдылық жасау- адамның баға жетпес асыл қасиеттерінен болып табылатын іс. Бұл өмірде жұмырбасты бәзбіреулер шаттанып өмір кешсе, кейбіреулері тағдыр тауқыметін тартуда. Ұлы байлық- адам баласын бақытты етпейді, керісінше Алланың берген нығметінен, мұқтаж жандарға көмек қолын созағаның ол-нағыз шынайы байлық.
«Әдемілік түріңнен көрінеді, қайырымдылық ісіңнен көрінеді» демекші, Талдықорған өңірі бойынша аудан, қала, ауыл имамдары шама-шарқынша қайырымдылық көмекке белсене ат салулары жасырын емес. Солардың бір көрінісі ретінде Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының тапсырмасы бойынша Талдықорған қаласы бойынша көмекке мұқтаж жандардың тізімдері алынып, оларға қайырымдылық шаралар кеңінен жасалып келе жатқан жайы, тағы бар. Осындай әрбір игі сауапты қайырлы іске белсене араласу әрі мұқтаж жандардың көңілдеріне қуаныш сыйлау жалғасын таба бермек.
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі