https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/15122015
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/15122015

Қарабұлақ ауылындағы қуанышты күн

15 Dec 2015 0 comment Оқылды: 1890 рет

 

{gallery}15122015{/gallery}Биылғы жылдың 12-желтоқсан күні Алакөл ауданы, Қарабұлақ ауылында жаңа мешіт бой көтерді. Бұл мешіт Алакөл ауданындағы 24-ші мешіт болды. Мешіттің ашылуына жиылған жұрттың қуанышында шек болмады, өйткені ауыл халқы осындай имандылық ордасының ашылуын көптен бері күтіп жүрген болатын.   Салтанатты шара сағат 11:00 -де Алакөл ауданының әкімі Әлібек Әскербекұлының құттықтау сөзімен басталды. Аудан әкімі өз сөзінде ауыл халқын осы қасиетті орданың ашылуымен шын жүректен құттықтап, мешіттің құрылысына ат салысқан азаматтарға жүрекжарды алғысын білдірді. Бұдан кейін сөз кезегін алған Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы мешіттердің халықты имандылыққа, береке-бірлікке шақыратын  рухани орда екендігін , имамдардың халықпен діннің екі ортасындағы алтын көпір болатындығын тілге тиек етті. Жаңа мешітке сайланған жас  имам Марлан Оразбаевқа сауапты да жауапты ісіне сәттілік тілеп, имандылық жолында аянбай қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ, мешіт салған адамға Алланың қияметте жәннаттан үй тұрғызатынын, құлшылық қылған, ілім алғандардың да сауабы мешіт салғандарға жазылатындығын баяндады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Мәженұлы да ауыл халқының қуанышына ортақ екенін айтып, мешіттер ұрпағымызды имандылыққа бастайтын қасиетті де, қастерлі орын деді. Елімізге аты белгілі меценат, кәсіпкер, қазақтың Атымтай жомарты, ұлт жанашыры Бауыржан Кеңесбекұлы Оспанов ауыл имамы Марлан Нұрбақытұлына су жаңа көліктің кілтін ұстатты. Мешіт ашылу лентасын Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы мен ауыл ақсақалы Әскербек Жақанбайұлы қиды. Содан соң жиналған халық жаңа мешіттің ішіне кіріп,  жамағат болып екі рәкәт  намаз оқыды. Мереке соңында осы шараға қатысқан  үш жүз адам арнайы  жайылған дастарханнан дәм татты.

Әнет МОЛДАХМЕТОВ ,

Алакөл ауданының бас имамы

     

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз