Жаркент қаласында. 2-жетоқсан күні аудандық әкімшіліктің мәжіліс залынды Панфилов ауданының Терроризге қарсы комиссиясының кезектен тыс отырысы болып өтті. Аталмыш шараға ауыл әкімдері, ішкі-істер қызметкерлері,мешіт имамдары, мен БАҚ өкілдері қатысты. Аудан әкімінің орынбасы күн тәртібіндегі маңызды мәселелерге кеңінен тоқталды. Аудандық әділет басқармасының басшысы М. Сағымбеков: Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету керектігін сөз етті. Аудан имамы Қ.Медетбеков: бүгінгі таңда қоғамда діннің беделіне нұқсан келтіріп жүрген керітартпа ағымдар жайлы түсінік беріп, көп болып бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Панфилов аудандық мешітінің баспасөз қызметі.