«Иман етіп ізгі амал жасағандар болса, Рахман (Алла) олар үшін сүйіспеншілік етеді» (Мариям сүресі 96 - аят).
Сарыбұлақ ауылы мешіті жүрегінде иманы бар қайырымды жандардың қолдауымен күрделі жөндеуден өтті. 2014 жылы Шелбаев Канат Қадырұлы мешітіміздің төбесінен су ағып, сын көтермейтін халде тұрғанын көріп, қол ұшын беріп төбесінің шатырын айырбастап жылу жүйесін жаңадан салдырып берген еді. Биылғы жылы мешітіміздің іші сырты, құдай тамақ беретін асханасы және дәрет алатын орны мен сыртқы қоршауы осы заман талабына сай әдемі жөндеуден өткізілді. Сыртқы қоршауының біраз бөлігіне және құрылыс материялдарына өз үлесін қосқан Досымхан Досанұлы және Қанаттың жолдастары Тахир, Дильмурат деген азаматтардың еңбегі өте зор. Осындай жігітееріміздің арқасында ауыл мешіті көз тартар жарқырап көрінуде. Алла оларға жақсылық нұрын шашып алдынан жарылқасын деп тілеймін. Пенде Алланың өзіне берілген қалау еркіндігі арқылы қандайда бір істі жасауға әрекет етсе, Алла оған сол істі жасайтын күш беріп, амал әрекетін іске асырады. Бұл туралы құранда: «Алла сендерді де, сендердің іс – әрекеттеріңді де жаратты» деп анық айтылған. («Саффат» сүресі 96 аят). Пайғамбар (с.а.с) былай дейді «Екі адамға қызғана қарауға болады. Олар Алла құранды жаттауды нәсіп етіп, онымен күні – түні намаз оқитын адам және Алла мол байлық беріп, оны күні түні Алла жолында жұмсайтын жан» Мұндағы «қызғаныш» жағымды мағынадағы қызыға қарау. Кейінгі жастарымыз осы ағаларына қызыға қарап, осындай игі істерді жасауға ұмытылса нұр үстіне нұр болар еді. «Иман келтіріп, ізгі амал жасағандар үшін бақыттылықпен жақсылыққа қайтар орын бар» (Рағад сүресі 29 аят).
Сарыбұлақ ауылы мешітінің имамы Қазақбеков Абдулғафур