{gallery}19{/gallery}Алматы облысы, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының ұйымдастыруымен, орталық «Иман» мешітінде құранды мәнерлеп оқудан жарыс өтті.
Жарысқа орталық «Иман» мешітінің шәкірттерімен қатар, Талдықорған қаласына қарасты «Нұр» мешіті, «Жетісу» мешіті, «Еркін» ауылы мен «Көктал» ауылдық мешітінің шәкірттері өзара бақ сынасты.
Аталмыш құран жарысында құранды мәнерлеп жатқа оқумен қатар, тәжуидпен қоса құранда айтылатын дұғалардан қаншалықты дұғаны жатқа білетіні туралы сұралды.
Жарыс соңы қортындыланып, өңірлік өкіл имам қатысушы шәкірттерге «Құранды жаттаудың пайдасы» туралы әсерлі уағыз айтып, сынға түскен шәкірттердің бәріне ынталандыру сыйлығын табыстады.
Десек те, «Жүзден жүйрік-мыңнан тұлпар» демекші жарысқа қатысушы шәкірттер арасында жеңімпаздары анықталып, оларға бағалы сыйлықтармен қоса алғыс хаттармен марапатталды.
Игі шара жалғасын тауып, өкіл имам көрермендер ішінен тұрмысы төмен 3 отбасына азық-түліктей көмек көрсетті.
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі