{gallery}333331{/gallery}Жастарды қамқорлық жасап, қолдау аясында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы, Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінің түлектері болған жас жанұяларға қайырымдылық бастамасымен сый-сияпаттар мен сыйлықтар таратты.
Қамқорлық жасаған діни басқарманың Талдықорғандағы өкілдігіне жас отбасылар дән ризашылығы білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Өкілдік жастарға көңіл бөлуін тек қайырымдылық іс-шаралармен ғана емес, жастармен бас қосып спорттық ойындарды да бірге өткізуді жоспарлы жүйеге қолға алды. Бұның үшін әр дүйсенбі және бейсенбі күндері волейбол, футбол, баскетбол сынды турнирлік сайыстарды өткізіп тұрады. Бұл спорттық сайыстарға Талдықорған қаласының жастар арасындағы белсенділер қатысып, имамдармен спорт ойындары түрлерімен күш сынасты.
Талдықорған өңірлік өкілдіктің баспасөз қызметі
Taglym.kz