{gallery}07102015{/gallery}Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы аудан және ауыл имамдарына Қазан айында қарттарға көңіл бөлініп, оларға жан-жақты қайрымдылық көрсетілуі керек деген болатын.
Сол шараға орай Алматы облысы, Ақсу аудандық орталық мешітінің бас имамы Анарбай Тасболатұлы демеушілердің көмегімен қарттар күні мерекесіне орай жағдайлары төмен, мүмкіндіктері шектеулі жиырма отбасына, отбасы жағдайына қарай бір тонна, бір жарым тонна, көп баласы бар жанұяларға екі тоннадан 34 тонна тегін көмір үлестіріп берді. Күннің суытып, шақылдаған қыстың жақындаған сәтінде бұл ең үлкен сыймен тең болды.
Бір күн бұрын көмір алушылар аудандық мешіт алдына жиналып, Анарбай Тасболатұлы ол кісілерге ізгі тілегін айтып, өздеріне тиесілі көмірдің шегін алып кеткен болатын. Ертеңінде көмір үлестіргенде бірге барып көргенім, ол көмірді әлі жақпаса да отбасыларына жылу кіргендей сезімде, жанарларынан қуаныш байқадым. Ол – мейірім жылуы шығар деп топшаладым.
Ақсу өңірі газетінің тілшісі
Ербол Сымханов