https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/05102015
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/05102015

Жастармен өткен жарқын жүздесу

05 Oct 2015 0 comment Оқылды: 1013 рет

{gallery}05102015{/gallery} Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Алайда, жастар арасында жат діннің жетегінде жүргендерде жоқ емес. Бұған көп нәрсе себеп. Соның бірі кешегі кер замандағы үстемдік еткен жетпіс жылдық діни нигилизмнің салқыны деуге болады.

Осыған орай білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар алдында қазақ қоғамы үшін дәстүрлі діндердің әлеуетін жастарды рухани-тәрбиелікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында көптеген кездесулер ұйымдастырылып келеді.

Сондай пайдалы кездесу І.Жасүгіров атындағы университеттің І-курс студенттерімен болды. Жастармен кездесу үшін діни басқармадан арнайы келген Сансызбай Құрбанұлы жастардың жүрегіне сенімділік пен елге деген сүйіспеншілікті сіңіре отырып, дін - екі өмірлік дінгек екендігін жеткізді.

Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі.

ҚМДБ Талдықорған өңіріндегі

баспасөз қызметі taglym.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз