{gallery}28092015{/gallery}ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының жылдық жоспарына сәйкес РАНТ мүшелері Ризабек Батталұлы, Бауыржан Абдуалиев, Сансызбай Құрбанұлы және Алау Әділбаев Талдықорған өңірінде өз жұмысын жалғастырды. Ең алдымен Алау Әділбаев «Иман» мешітінде Талдықорған өңірінің аудан және ауыл имамдарына «Ақида» бойынша дәріс оқыса, бесін намазында жамағатпен кездесу өткізіп, асыл дініміздің құндылықтары туралы уағыз жүргізді.
Сол күні Ризабек Батталұлы және Талдықорған өңірінің өкіл имамы С. Ахмадиев Талдықорған қаласындағы «Нұр» мешітінде ақшам намазына жиналған жамағатқа «Қазіргі таңдағы талас-тартыстағы мәселелер» атты кең ауқымды уағызын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ертесіне Бауыржан Абдуалиев Талдықорған қаласындағы «Еркін» мешітінде «Тақуалық тұнығы» атты уағызында мұсылманның кішіпейілдігі мен қарапайымдылығы туралы уағыз жүргізді. Және де сол күні Талдықорған қаласындағы «Жетісу» мешітінде Сансызбай Құрбанұлы «Қоғамда діни ағымдардың алдын алу» атты уағызында, дін атын жамылып жүрген түрлі діни ағымдардың сипаттары туралы әсерлі уағызын жүргізді.
Талдықорған өңірлік өкілдіктің баспасөз қызметі