https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/25092015
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/25092015

Облыс әкімі айт намазда

25 Sep 2015 0 comment Оқылды: 1468 рет

{gallery}25092015{/gallery}Алматы облысы орталығы Талдықорған қаласы жұртшылығы таң атысымен орталық «Иман» мешітіне лық толды. Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының уағызын тыңдауға және мешіт жамағатын құттықтауға арнайы келген облыс әкімі Амандық Батталов «Ислам дінінде ерекше орын алған Құрбан айт мейрамы береке-бірлік, бейбітшлік пен қоғам дамуына ықпалы зор» екенін айтты. Облыс әкімі жастардың ғинаятты, қариялардың ынсапты, әйелдердің ибалы болып, дін мен дәстүріміздің ұштаса, қоғамның оң дамуына тілегін білдірді. Құрбан айт намазында бас имам Серікхан қажы Рымханұлы Аллаға шүкірлік айтып, такбирмен Алланы ұлықтап, еліміздің амандығын, тәуелсіздігіміздің тыныштығын тілеп, дұға етумен аяқтады.

Облыс әкімі айт намазы бітісімен, мешіт ауласындағы құрбандық шалуға арнайы дайындалған орынға барып, елдің тыныштығын, амандығын тілеп Аллаға арнап құрбандығын шалған соң, мешітте жайылған айттық дастарқанға қонақ болды. Дастарқан басында өкіл имам облыс әкіміне Құран сыйлап, дін мен мешітке әрдайым қамқорлығын аямай жүріп, жанашырлығы үшін алғысын білдірді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз