https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/24092015
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/24092015

Талдықорғандағы тағылымды семинар

24 Sep 2015 0 comment Оқылды: 1114 рет

 

{gallery}24092015{/gallery}Талдықорған өңірлік «Иман» мешітінде Талдықорған өңірінің қалалық, аудандық және ауылдық мешіттерінің имамдары қатысқан білім жетілдіру семинары болып өтті. Екі күнге созылған семинарда имам-молдалар діни басқармадан арнайы келген ғалымдардан дәріс алды. Атап айтсақ, бірінші күні имамдарға теология ғылымдарының докторы Алау Әділбаев «Ханафи мазхабы және ерекшеліктері» туралы дәріс оқыса, «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы, Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі Ризабек Батталұлы «Қазіргі таңдағы талас-тартыстағы мәселелер» атты кең ауқымды дәрісін жүргізді.

Семинарда қазіргі заман көшінен тыс қалмау мәселелері де айтылды. «Иман» мешітінің бас имамы, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы интернет және әлеуметтік желілілерді Ислам насихатына пайдалы түрде қолдану туралы дәрісін жүргізді.

Семинардың екінші күні ҚМДБ-ның Республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі Бауыржан Әбдуалі «Имамның келбеті» атты дәрісінде имамның тақуалығы, кішіпейілдігі, мінез-құлқы және уағыз айту өнері туралы айтып берді. Серікхан Рымханұлы «Имамның қоғамдағы рөлі» атты дәрісінде қазіргі қоғамдағы имамның деңгейі мен абыройы, көпшіліктің тәрбиесіндегі имамның ықпалы туралы айтып берді.

Семинарға арнайы шақырумен келген ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы қоғамдағы діни ағымдардың түрлері, ағымдардың керағар әрекеттерін алдын алу туралы дәрісін жүргізді. Дәріс соңында имамдар Сансызбай Құрбанұлы және Серікхан Рымханұлына көкейінде жүрген, имамдық қызмет барысындағы түрлі мәселелер туралы сұрақтарын қойып, қаныққанды жауаптар алды.

Семинар қорытындысы бойынша имамдар ғалымдардың дәрістерінен білімдерін сусындап, рухтарын нәрлендірді. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы дін Исламға зор үлесін қосып, жамағат тәрбиесіне жіте көңіл аударған ауыл имамдарын алғыс хаттармен марапаттады.

Талдықорған өңірлік өкілдіктің баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз