{gallery}1909{/gallery}Егемендіктің арқасында табыстың тайқазаның тасытып, ел мен жерге, дін мен тілге жанашыр болып қолдау көрсетіп,көмек қолын созып жүрген жандар баршылық.Жақсының жақсылығын айт нұры тассын демекші қасиетті жұма күні белгілі кәсіпкер Рамазанов Нұрлан мырза Жаркент өңіріндегі Басқұнша ауылында құдайы ас беріп,сол ауылдағы мешітке жаңа автокөлік сыйлады.Алла ризашылығы үшін жасалған бұндай күтпеген сыйлыққа ауыл халқы дән риза.Бұл Нұрлан мырзаның мешітке беріп жатқан бірінші көлігі емес.Алла жолында жүрген қажы ағамыз бұдан бұрын да Жетісу жеріндегі мешіттерге 3-бірдей көлік тарту еткен болатын.Сондай-ақ көпшілік жиналған жиында аудан имамы Құндызбек Медетбеков ынтымақ бірлік ,татулық жайында тартымды уағыз айтты.Асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген Нұрлан Рамзановқа шынайы алғысын білдірді.Алла Тағаланың үйі мешітке демеу көрсеткен Рамзанов Нұрлан қажыға қадірменді ақсақалдар Алла Тағала отбасына амандық,кәсібіне қайырлы береке берсін деп дұға қылып бата берді.Алдағы уақытта жаңа көлік мешіт жұмысына пайдаланады.
Панфилов ауданы орталық мешіті