{gallery}18092015{/gallery}Ақсу ауданына қарасты Алтын арық ауылындағы Қаракемер атындағы орта мектепте «Жастық шақтан естелік» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді. Кездесуге ауыл ақсақалдары мен апалар, аудандық ішкі саясат бөлім басшысы Нұрбол Нүрбекұлы , аудан имамы Анарбай Тасболат ұлы қатысты. Үлкен кісілер басынан өткен қиын күндерді есіне алып, қазіргі мамыражай заман оңайлықпен келмегенін жастарға айтып берді. Осы жетістіктерді келешек ұрпаққа жеткізу бүгінгі жастардың міндеті екенін айтып өтті. Аудан имамы жастық шақтың қадірін білу, алға нақты мақсат қою, жақсы мінез-құлық жайлы айтып өтті. Жастар жағы уақыттарын бөліп келген үлкен ата-апаларға рахмет айта отырып, көкейінде жүрген сауалдарын сұрап, ашық пікір аламасты.
Ақсу аудандық мешітінің баспасөз қызметі.