{gallery}17092015{/gallery}Талдықорғанда өткен имамдар мен мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен спорттық турнир Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойына арналды. Додаға 6 команда (Облыстық Дін істері басқармасы, «Иман» мешіті, «Нұр» мешіті, «Еркін» мешіті» «Жетісу» мешіті, «Керімбек би» мешіті) спорттың 4 түрі (волейбол, гір көтеру, қол күресу, арқан тартыс) бойынша сынға түсті.
Осымен, Талдықорғандағы имамдар арасындағы спартакиада биыл 3-ші рет ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат бұқаралық спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу. Жарыс бағдарламасына енген спорт түрлері ішіндегі ең тартысты ойын волейболдан өтті. Алты команда өзара екі топқа бөлініп, кім мықтыны анықтады. Бұл сында "Иман" мешітінің имамдары мен жамағатынан құрылған команда үздіктер санатында болған. Бұл ұжым аймақтық сайыстарда жүлдегер атанған. Мамандар осы турнирде де облыстың бас командасын жақсы ойыншылармен толықтыруды көздейді. Ондағы мақсат, жыл аяғында болатын мешіт қызметкерлері арасындағы ел чемпионатында жеңіске жету.
Жарыстың жалпы командалық есеп бойынша 1-нші орынға «Еркін» мешіті алған болса, 2-нші орын «Иман» мешітінің иелігінде болды, ал, 3-нші орынды «Нұр» мешіті иеленді.
Ұйымдастырушылар осындай спорттық шараларды алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіп тұрмақ.