Әбу Бәкір Сыддық медресесі 0112000 - Исламтану, Біліктілігі: 0112013-имам хатиб, 0112023-ислам негізінің мұғалімі бойынша мамандарын даярлайтын оқу орны.
Кәсіби білім аясында білім беру қызметін жүргізу құқығы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі берген № 14005314 мемлекеттік лицензиясы бар.
Медреседе оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай, оқу түрі күндізгі, ақысыз. Шәкірттер үш мезгіл тегін тамақ және жатақханамен қамтамасыз етіледі. Жоғары білімді исламтанушы, дінтанушы мамандар дәріс береді.
Оқуды тамамдаған түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, қызметпен қамтамасыз етіледі. 2014-2015 оқу жылының түлектері 100 % мамандығы бойынша жұмысқа орналасты.
Білімді де білікті және салауатты маман болып қалыптасуына барлық жағдайлар жасалған. Медресе жатақхана, мешіт, кітапхана, асхана, оқу сыныптары, интернет желісіне қосылған компьютер залы, спорт алаңы және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда оқуға түсуге қажетті құжаттар қабылданып, дайындық курсы жүріп жатыр.
Келіп оқимын деушілерге есік ашық. Медресе шәкірттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.
Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:
- Өтініш;
- Аттестат немесе диплом (тұпнұсқа);
- 3-4 мөлшердегі 6 фотосурет;
- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
- 063 үлгідегі егу туралы анықтама;
- Жеке күәлік көшірмесі;
- Наркодиспансерден, психодиспансерден анықтама;
- Сотталмағандығы туралы анықтама;
- Тұрғылықты журден анықтама;
- Әскери билет немесе әскерге шақыру туралы куәлігі.
Мекен-жайымыз: Павлодар қаласы, Павлодар ауылы, Абай көшесі 41, «Қасым қажы» мешітінің аялдамасы.( №44 автобус жүреді)
Байланыс тел.: 8 (7182) 319-868, +7 701 247 21 19, +7 747 469 41 12