Канада ғалымдары өмірлік мақсатын Ислам дінінен іздеген ел тұрғындарының қатары неге жыл санап көбейіп келе жатқанына назар аударды.
«Бүгінгі күнге дейін Канадада Ислам дінін қабылдаған адамдар туралы бірде бір ғылыми мақала жазылмады. Сол себепті, бұл зерттеуге тұрарлық маңызды тақырып деп ойлаймын» деп мәлімдеді Мельбрун университеі профессоры Скотт Флауэр.
Австралия академигінің Канадада жүргізген зерттеу жұмысын елдің ұлттық қауіпсіздік министрлігі көтеріп отыр. Ғалым қазіргі уақытта 170 мың доллар грант алып та үлгерді.
Профессор Флауэр алдағы бірнеше айды Канада жерінде өткізіп, Исламды қабылдаған азаматтармен жүздесіп, олардың Исламды таңдауына себеп болған фактілерді зерделемек.