{gallery}26{/gallery}Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен Наурызбай ауданына қарасты Қарағайлы елді мекенінде болған су апаты салдарынан зардап шеккен аймаққа асар ұйымдастырылды.
Бір атаның балаларындай біріккен қала мешіттерінің имамдары мен мешіт жамағаттары қазақтың асар дәстүрімен көмекке шықты.
Наурызбай ауданы, Қарғалы өзеніндегі су тасқынының көбеюі туралы ақпарат 23 шілде күні, таңғы 03.00-де тараған болатын. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция, әкімшілік және ТЖД қызметкерлерімен қатар Алматы орталық мешіті бастаған қалалық мешіттердің 300-ден астам жамағаттары да апат салдарынан балшыққа батқан маңайды қалпына келтіруге қатысып, өз үлестерін қосты.
Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады»,- дейді.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі