Қасиетті Құран оқылып, Бас мүфтидің батасымен басталған ауызашар кешін ақындарымыз жырмен әрлеп, терең мағыналы термелерімен көріктендіре түсті. Сондай-ақ, жиналғандар назарына ҚМДБ-ы атқарған іс-шаралар есебі көрсетіліп, жұмыс барысы таныстырылды. Бұдан Бас мүфти барша қонақтарды Рамазан айымен құттықтап, өз лебізін жеткізді. Ал, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы рамазан айының қадір-қасиеті жайлы аздаған уағыз айтып, сауапты айда құлшылық-ғибадатты арттырып, тақуалықпен өткізуге үндеді. Бұдан соң ортаға шыққан мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Бәйгелді ағамыз оразаның нығметтері жайлы сөз қозғап, бейбіт елде амандықпен ауызашарға қатысып отырғанымызға шүкіршілік білдірді.
Бас мүфти Астанада ауызашар берді
{gallery}02072015{/gallery}Кеше ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Әзірет Сұлтан» мешітінің мейрамханасында ауызашар дастарханы өтті. Сауапты кешке ел тізгінін ұстаған азаматтар мен атақты ақын-жазушылар, мұсылман мемлекетінің елшілері, Парламент депутаттары мен билік өкілдері, өнер және қоғам қайраткерлері, еліміздегі БАҚ және телеарна төрағалары, қарттар және балалар үйінен арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысты.
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
05:56
Күн
07:22
Бесін
11:55
Екінті
14:39
Шам
16:22
Құптан
17:47
5
қаңтар 2025
жексенбі
5 Ражәб 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!