https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Қағбаны бір уақытта 107 000 адам айнала алатын болды

09 Jun 2015 0 comment Оқылды: 1283 рет

Қасиетті Мекке шаһарындағы Харам мешітіне қайта жөндеу жұмыстарынан соң 1,85 миллион адам сияды. Бұл жөнінде ел королі Салманның мешітке келген сәтінде жауапты қызметкерлері мәлім етті.

Мәдениет және ақпарат министрі Адель Ат-Туфайфидің айтуынша, мешіт пен оның ауласын, матаф (Қағбаны айналып, тауап жасау) аймағын кеңейту жұмыстары нәтижесінде құлшылық ордасының жалпы аумағы 1,47 млн шаршы метрге жеткен. Құрылыс жұмыстарының соңғы, яғни үшінші кезеңі аяқталған соң қасиетті Қағбаны бір мезгілде 107 000 адам айнала алады.

Бұл құрылыс жұмыстары Қағба тарихындағы ең ауқымды жоба болмақ. Құрылыс барысында сервистік станция мен экологиялық тұрғыдан таза саналатын ауа желдеткіштері, су жүйелері, 12 500 дәретхана мен қоқыс өңдеу қызметтері де қоса жөндеуден өткізіледі.

baq.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз