https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Канадалықтар Оразаға байланысты ережелерін өзгертті

06 Jun 2015 0 comment Оқылды: 1392 рет

Канаданың Гамильтон қаласы мектептері мұсылмандардың қасиетті айы Рамазанның келуіне орай түлектерге арналған бітіру кешін ауыстыру туралы шешім шығарды.

«Бұл – Канадада қалыптасқан қағида. Себебі, Рамазан маңызды уақыт», – дейді Луиз Куин есімді оқытушы.

Биылғы мектеп бітірушілердің кеші Солтүстік Америкада 18 маусымында басталатын оразаға сәйкес келіп отыр. Гамильтон мектептері оқушыларының 50 пайызын мұсылмандар құрап отырғандықтан, білім мекемелері директорлары мерекелік кештерін кейін атап өтуді ұйғарып отыр.

Ал, кей мектептерде сыныптас мұсылмандар ораза айындағы құлшылықтарына кедергі келмесі үшін бітіру кештерін өздері өзгертуге ұсыныс тастаған. «Түлектердің көпшілігі өздері осы мерекені Рамазанға қабат келмеуі үшін өзгертуге ұсыныс білдіруде», – дейді Білім мекемесінің өкілі Питер Джошуа.

Гамильтон мешітінің директоры Вахид әл-Жәбри Канада қоғамында қалыптасқан жарасымды түсіністікке қуанатынын жеткізді. «Бізді халықтың Ислам туралы түсініктері артып келет жатқандығы қуантады», – деді ол.  

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз