Жексенбіде АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Дебари қаласында Ислам орталығының ғимаратында тегін емхана ашылды.
Аталмыш медицина мекемесінде жағдайы жоқ, тұрмысы жұпыны жандар наным-сеніміне қарамай тегін көмек ала алады. Емхана штатындағы дәрігер бір ай бойы пациенттерді қабылдайды, медициналық сақтандыруы жоқ азаматтар тегін анализ тапсырып, медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие болады.