Christie’s аукцион үйінде Анджелина Джоли ағылшын саясаткері Черчилль салған «Әл-Кутубия мешітінің мұнаралары» картинасын 11,6 миллион долларға сатты.
Аукциондағы алдын ала бағасы £1,5 – £2,5 аралығында ($2,1 – $3,5 млн) болған еді, дегенмен, белгісіз коллекционер қойған ең соңғы құны британ премьерінің ең қымбат сатылған жұмысы болды.
Белгілі актриса картинаны не үшін сатуға қойғаны белгісіз. Ол бұл жұмысты 2011 жылы бұрынғы күйеуі Брэд Питтпен бірігіп сатып алған болатын.
Айта кетейік, атақты британ саясаткері аталған картинаны Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында салған.