https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ЖЕТІСУ ЖАМАҒАТТАРЫ КӨҢІЛ АЙТАДЫ

01 Шілде 2020 0 comment Оқылды: 816 рет

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары елімізде тұңғыш медресе ашып, асыл дініміздің кеңінен қанат жаюына бар ықылас-жігерін жұмсаған бірден бір әулет Сарыағаштағы Смановтар әулеті еді. Дін мен дәстүрімізді дүние тіршілігі мен ақыреттік амалымызға айналдырып, руханиятымыздың ошағын жаққан әулеттен бірнеше дін ғалымдары мен уағызшы ұстаздар шыққанын қазақ жұрты жақсы біледі. Солардың ішінде Сарыағаш медресесінің директоры Абдығаппар Сманов ағамыз еді. Жарты ғасырлық ғұмырының отыз жылдан аса уақытын асыл дініміздің өркендеуіне арнаған ардақты ұстазымыз да мынау жалған дүниеден мәңгі өмірге аттанды. Әлемді алаңдатып, елімізді де дүрбелеңге салған індет Абдығаппар ұстазды да ілмегіне ілген екен. Алланың әміріне бойұсынып, тыйыл дегенінен тыйылып, бұйырғанын орындап, қасиетті Құран кәрімнің үкіміне амал етіп, асыл дінімізге соңғы демі үзілгенше аянбай еңбек етіп, Алланың қалауымен Ұлы Раббысымен қауышуға кеткен ардақты ұстазды Алла панасына алып, алдынан жарылқасын. Дініміз үшін атқарған әрбір амалы алдынан сансыз сауап болып қарсы алып, амал дәптерін оң жағынан берілуін нәсіп етсін.
Жаныңыз жаннатта болсын ұстаз!

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз