https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/haj
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/haj

Қажылық сапарының соңғы дайындық жұмыстары пысықталды

19 Шілде 2019 0 comment Оқылды: 566 рет

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникация қызметінде қажылық маусымына орай баспасөз брифингі өтті.

Баспасөз мәжілісіне ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов және республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев қатысып, қажылық сапарға дайындық жайы, қажылар саны мен көрсетілер қызметтер, қауіпсіздік мәселелері секілді іргелі тақырыптар бойынша тілшілер қауымына толықтай мағлұмат берді.

Брифинг барысында белгілі болғандай, биылғы жылы еліміз бойынша 3 200 жан қажылық парызын өтейтін болады. Қазіргі уақытта олардың барлығы қажетті рәсімдеуден өтіп, медициналық екпе ектіріп, ұлық сапарға дайындық үстінде. Жерлестеріміздің қасиетті мекендегі сапарларын ҚМДБ Қажылық миссия тобы қадағалайтын болады. Топ құрамындағы арнайы уағызшы имамдар тобы әр рәсімнің тарихы мен тағылымын түсіндіріп, сапардың сауапты өтуіне септігін тигізсе, миссия құрамына жоғары санатты дәрігерлер қажыларға медициналық қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ, миссия құрамында қажылық маусымы кезінде қасиетті мекеннен арнайы хабар таратып отыратын тілшілер де бар.

Отандық «SCAT» және шетелдік «FLYNAS» компаниялары арқылы еліміздің төрт қаласынан тікелей рейспен ұшатын отандастарымыздың алды 30-шілде күні аттанып, елге 23-тамыз күні оралады деп күтілуде.

Қажылық сапарына қатысты жоғарыда айтылған мәліметтерден бөлек, ұлық ғибадаттың хикметі мен қыр-сыры, талаптары жайлы да кеңінен ақпарат айтылып, шариғи шешімдері көрсетілді. Кездесу соңында тілшілер қауымы өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптармен жалғасты.

{gallery}haj{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз