Ананы, жалпы әйел затын қадірлеу мәдениеті – Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі. Қазақ халқының руханиятында ананың қоғамдағы орны да ерекше.
Осы орайда, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде«Ислам – имандылықтың бастауы, әйел – ұлттың ұйытқысы» атты кездесуөткізілді.
Шараға елімізге белгілі, білікті теолог-исламтанушылар, облыстық әкімшілік, прокуратура өкілдері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты.
Кездесуді университет «Қыз Жібек» қыздар клубының төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Барсай жүргізіп, шараның маңыздылығына тоқталды.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров қазіргі қоғамдағы әйел-ана тақырыбына қатысты пікір-көзқарастарға талдау жасады.
Сондай-ақ, шара барысында өңірімізге арнайы келген елімізге белгілі исламтанушы Ризабек Батталұлы, Атырау облысы бойынша Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев, Атырау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы Замзагүл Жалмурзина, философия ғылымдарының докторы, профессор Бекежан Өмірбек, «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры директорының орынбасары, теолог Айбек Аташев әйел-аналарға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.