"Иманғали" орталық мешітінің ұйымдастыруымен Мұнай және газ колледж студенттері мен мұғалімдері қатысуымен "Жастар және дін" тақырыбында кездесу өткізілді.
Жиынға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша жастар ісі жөніндегі өкілі Арман Амангелдіұлы, Атырау мұнай және газ технологиялық колледжінің директоры Бекболат Оразұлы және РАНТ мүшесі, белгілі исламтанушы Ризабек Батталұлы арнайы қатысты.
Алдымен Атырау облысына іс-сапармен келген белгілі теолог Р.Батталұлы: "Дана халқымыз "Отан − отбасынан басталады" деп бекер айтпаса керек, жастарымыздың жат ағымға ілесіп кетуіне ең алдымен жанұя жауапты, яғни ата-ана балаларды дәстүрлі дінімізге баулып, тәрбиелесе бізде мұндай мәселе болмас еді", - деп, баса айтты.
Облыстың өкіл имамы Б.Мансұров осы ойды жалғастырып, колледж студенттеріне діни сауалдар қойып, кездесу пікір алмасу түрінде жалғасын тапты.
Кездесу соңында колледж директоры Б.Оразұлы келген қонақтарға ризашлығын білдіріп, студенттер атынан алғысын жеткізді.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі