Бүгін Елордада екінші күнге жалғасқан Əлемдік жəне дəстүрлі дін лидерлерінің VI съезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз "Татулықты сақтаудың сара жолы" тақырыбында баяндама жасады.
"Өткенге көз салсақ, адамзат баласы қаншама келеңсіз кезеңдер мен сындарлы сəттерден өтті. Бұған басты себеп - адам бойындағы астамшыл пиғыл, дандайсу мен тəкаппарлық. Осылайша, адам баласының ізгіліктен алшақтауы қасіретке əкеп соқты. Демек, сіз бен біз өткен өмірдің қателіктерінен сабақ алуымыз тиіс. Ал адамзат баласын татулық пен бірлікке үндеу - маңызды іс. Біз осынау игі шараға белсенді түрде атсалысуымыз тиіс", - деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.