Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз халқымыздың көрнекті жазушысы Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.
"Шерхан Мұртаза қайтыс болды деген қаралы хабар менің де қабырғамды қайыстырды. Өзімнің жəне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан барша қазақ халқына қайғыра көңіл айтамын. Қазаның арты қайырлы болсын. Алла Тағала марқұмды рақымына бөлеп, жанын жəннатта еткей", - делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.