https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ҚҰРБАН АЙТ 21 ТАМЫЗДА БАСТАЛАДЫ

15 Aug 2018 0 comment Оқылды: 875 рет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталатынын хабарлайды.

Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша зүл-хиджа айының бірінші күні тамыздың 12-не, ал, Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді.

Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахаб (жағымды) амал.

Әбу Қатадан жеткен хадисте: «Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады...» делінген.

Жағдайы бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет.

Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынады. Ал қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады.

Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз