{gallery}9{/gallery}Бүгін киелі Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы ғимараты ашылды.
Айтулы шараны Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ашып, бұл бастама тарихи шешім екендігіне тоқтала келе, өзінің құттықтау сөзін жеткізді.
Салтанатты рәсімде сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:
Бас мүфти Түркістан қаласынан мүфтияттың арнайы кеңсесінің ашылғандығын және жауапты қызметке өзінің бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпеновтың тағайындалғанын атап өтті.
Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі Берік Сақбайұлы сөз алып, жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.