Халықаралық Канн кинофестивалінің меймандары Сауд кинематографиясымен танысатын болады.
Үстіміздегі жылғы мамыр айының 8-19 аралығында өтетін Канн кинофестиваліне тұңғыш рет Сауд Арабиясы қатысатын болады. Parisien француз газетінің мәлімдеуінше, корольдік қазылар алқасының назарына бірнеше қысқа метражды фильмдерді ұсынады.
САК мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманның Парижге сапары аясында, Франция мен Сауд Арабиясы Мәдениет министрлерінің басқосуы болып, сонда аталмыш келісімге келген болатын.
«Францияның Мәдениет министрі Франсуаза Ниссенмен Канн кинофестиваліне ресми түрде қатысуға қол жеткізгеніміз үшін аса қуаныштымыз», - деп атап өтті Сауд министрі Ауад бен Салех әл-Ауад.
Ал өз кезегінде, Франсуаза Ниссен Франция Сауд Арабиясының өз оркестрі мен операсын қалыптастыруға көмектесетіндігін тілге тиек еткен. Театр Жидда қаласында салынатын болып шешілді.
asyldin.kz