https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАС МҮФТИ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ РЕСМИ САПАРМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ

23 Mar 2018 0 comment Оқылды: 595 рет

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Өзбекстан Республикасына келді.

Делегация құрамында наиб мүфти Алау Әділбай, Бас мүфти кеңесшісі Дәулет Әлиханов, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев бар.

Ертең ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен Өзбекстан мүфтиі Османхан қажы Әлімовтың ресми кездесуі жоспарланған. Ресми кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармалары арасында өзара ықпалдастық меморандумы қабылданбақ. Аталған құжат бауырлас елдердің достық қарым-қатынасын нығайтуды, діни салада тәжірибе алмасуды, қазіргі қоғамдағы сын-қатерлерге бірлесе жауап беруді, рухани-мәдени байланысты тереңдете түсуді көздейді.

Сапар барысында ҚМДБ қызметкерлері Ташкенттегі «Көкілташ» медресесінің жұмысымен таныспақ.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз