Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қостанай облысының азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.
Кездесу барысында қатысушылардың бірі министр Ермекбаевқа сұрақ қойып, Министрлік пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арасындағы өзара іс-қимылды бес балдық шкала негізінде қалай бағалайтынын сұрады.
Н.Ермекбаевтың айтуынша, министрлік діни басқармаға әртүрлі бағыттағы маңызды мәселелерді шешуде қолдау көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, 23-24 ақпан күндері министр Нұрлан Ермекбаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың халық алдындағы есептік кездесуіне қатысты. Сондай-ақ, министр облыстағы бірқатар ұйымдарды, өңірдегі мәдени және рухани нысандарды аралады. Оның ішінде Аймағанбетқажы Спанұлы атындағы облыстық мешітіне барып, имамдармен кездесуінде ҚМДБ-ның облыстық филиалы жұмысындағы мәселелерді талқылады.