Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісі д-р Дарих бен Мутишь Аленази Бас мүфти Серікбай қажы Оразды жаңа қызметімен құттықтап, табыс тіледі.
Елші құттықтау хатында Бас мүфти Серік қажы Ораздың басшылыққа келгенін жылы қабылдағанын және елшілік ұжымының атынан құттықтау лебізін білдіретінін жеткізген.
«Сіздің достас Қазақстан республикасының ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти лауазымына тағайындалуыңыз жайлы хабарды қуана қабылдадым. Сізді өз атымнан және Елшілік ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймын және қызметіңізге сәттілік тілеймін», делінген құттықтау хатында.