https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ҚМДБ: ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМДАРЫ ЕСЕП БЕРУДЕ (ФОТО)

02 Dec 2017 0 comment Оқылды: 834 рет

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен облыс имамдарының жылдық есеп беру жұмысы басталды.

Облыстың бас имамдары ҚМДБ төрағасы мен Орталық аппарат қызметкерлеріне үгіт-насихат жұмыстары, қайырымдылық іс-шаралар, діни сауат ашу курстары, түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға түсіндіру шаралары, қажылық, халал стандарттау, жат ағымның арбауына кеткен жандарға үгіт-насихат жүргізу, баспасөз және ғаламтор, мешіт тазалығы, жөндеу-құрылыс жұмыстары, жастарды медресе мен университетте оқыту шаралары, имамдарды аттестациядан өткізу, көшпелі семинарлар, қоғамдық, рухани, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру, т.б.  бағыттар бойынша есеп беруде. 2017 жылы атқарылған іс-шаралардың есебі бейнеролик негізінде көрсетілуде.

«Мүфтият 2017 жылды табысты аяқтады деп айтуға болады. Діни басқарманың жұмысын жетілдіру мақсатында діни кадрлық өзгерістер орын алды. Жаңа бөлімдер аштық. Насихат жұмыстары мен қоғаммен байланыс шараларына серпін беріп келеміз. Қайырымдылық жұмыстары тұрақты жүзеге асып келеді. Діни мерекелерді ұлттық нақышта өткізу дәстүрге айналды. Осынау жұмыстарды тиянақты орындап келе жатқан имамдарға алғысымды білдіремін», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Жылдық есеп беру кездесуіне облыстағы бас имамдардан бөлек Діни басқарманың қызметкерлері де қатысуда. Есеп беру жиыны ертең де жалғасын табады.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз