https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

АСТАНАДА ДІНИ БІЛІМ ЖӘНЕ КАДР ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

16 Nov 2017 0 comment Оқылды: 696 рет

Бүгін Елордада Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Діни білім және кадр дайындау орталығы ашылды. Орталықтың ашылу рәсіміне ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице министрі Берік Арын, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, дін қызметкерлері қатысты.

Орталықтың ашылу салтанатында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Біз қазір «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Мақсатымыз – діни һәм зайырлы білімді меңгерген үздік имамдар тобын қалыптастыру. «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» мәртебесін Діни басқарманың талабынан өткен имамдар ғана алады. Қазір мұнда республика бойынша ауданнан келген 60 имам оқып жатыр. Олар екі айлық курстан өтеді. Діни білім және кадр дайындау орталығында елімізге танымал ғалымдар, профессорлар мен докторлар, өз саласының білікті мамандары дәріс беруде. Ол ұстаздарды арнайы комиссия таңдап алды», – деп атап өтті.

Орталық демеуші азаматтардың көмегімен салынған. Екі қабатты ғимараттың дәрісханасы, асханасы, жатақханасы бар. Білім алам деген имамдар үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Бүгінде кәсіби білім алып жатқан 60 имам Құран, хадис ілімдерінен бөлек шешендік өнер, бухгалтерлік есеп жүргізу, дін қызметкерінің этикасы, халал стандарт, психология, діндер тарихы, діни талас-тартыс мәселелері сынды пәндерден дәріс тыңдауда.

Айта кетейік, ҚМДБ ауыл мен аудандағы имамдардың білім деңгейін, кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында өткен жылы облыс орталықтарында 204 рет көшпелі семинар ұйымдастырды. Оған 2968 дін қызметкері қатысқан. Ал Алматыдағы имамдардың білім жетілдіру Ислам институтындағы 2 айлық курста 270 имам білімі мен тәжірибесін шыңдады.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз