https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ

20 Oct 2017 0 comment Оқылды: 672 рет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ташкент қаласында өткен халықаралық конференция аясында Өзбекстан мүфтиі Османхан Әлімовпен кездесті.

Екі елдің дін қайраткерлері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы руханият, мәдениет саласы бойынша қарым-қатынастар туралы пікір алмасты. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ислам дінінің өркендеу жолында көршілес елдің үлкен маңызға ие болғанын айта келе, ортаазиялық діни мектебін қайта жаңғырту идеясын алға тартты. Бұл ханафи мәзһабын ұстанатын туысқан елдердің жат ағымдардан сақтану жолында мықты иммунитет қалыптастыруына негіз болмақ. Әрі екі елдің шәкірттерін оқыту арқылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми-тәжірибелік байланыстар нығая түседі.

Сонымен қатар, Ержан қажы Малғажыұлы ақида, фиқһ салалары бойынша ортақ пәтуалар базасын құруды ұсынды. Көрші елдің дінбасысы ҚМДБ төрағасының ұсыныстарын бірауыздан қолдайтынын жеткізді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз