Үндістанның Андхра-Прадеш штатының ислам дін басыларының өкілі Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді. Үндістанның Виджаявада қаласында тұратын Құран хафизі Хашмат Әли Хан рухани жұмысынан басқа кәсіптік деңгейде каратэ және тхэквондомен айналысады.
30 минутта тхэквондоның 16 қадамын 65 рет жасауы аталмыш мұсылманды Гиннесс кітабына енгізудің негізі болып табылған. Күнделікті тынбай жасалған жаттығулар спортшыға мұндай техника мен қимыл жасау жылдамдығына қол жеткізуге көмектескен,- деп жазады ИсламНьюс.
30 жасар Хашмат имам әрі дін оқытушысы болып қызмет істейді, сондай-ақ, балаларды тхэквондо мен каратэге жаттықтырады. Осыған дейін Үндістандық мұсылман тағы да бір рекорд жасаған болатын. Ол 180 секундта 300 техникалық тамаша соққылар жасаған.