Археологтар Эфиопияның шығысынан XII ғасырлық мешітті тапты. Мұсылман ғибадатханасы ұмыт қалған, Х ғасырда салынған Харла қаласында орналасқан.
"Харла қаласы аймақтық қолөнер және сауда орталығы болған," - дейді Британиялық Эксетер университетінің профессоры Тимоти Инсолл.
Оның айтуынша, қалалық қолөнершілер зергерлік бұйымдар өндірісінде мамандандырылған.