Нигериялық мұсылман Амина Мохаммед БҰҰ-ның Бас хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалып отыр.
«Мен өзімнің барлық күш-жігерімді тұрақты дамудың тетіктерін іске асыруға жұмсайтын боламын. Осы арқылы әлемдегі бейбітшілікке қол жеткізуге болады», – дейді ол Нью-Иорк қаласында тілшілермен өткізген кездесуінде.
Айта кетейік, Амина Мохаммед 1961 жылы дүниеге келген. Нигерия және Біріккен корольдік аумағында білім алған. Бұған дейін Нигерия президентінің кеңесшісі, Нью-Иорктегі Колумбия университетінде ұстаздық қызметтер атқарған. Сондай-ақ, алты баланы тәрбиелеп отырған бақытты ана.