Нью-Иорк (АҚШ) қаласында өткен Сән апталығы аясында индонезиялық дизайнер Анниса Хасибианның киім үлгілері үздік марапатқа ие болды. Қолмен тігілген мұсылман әйелдерінің киіміне көрермендер де, қазылар алқасы да тік тұрып қошамет білдірді.+
2017 күздік-қыстық киімдер топтамасы ішінде күнделікті киетін және кеш көйлектері көрсетілді. Подиумға көтерілген 24 сәнқойдың барлығы да ұзын етекті белдемше, білегі мен мойнын бүркеген орамалдар тағынған.