https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

УАҒЫЗ АЙТУҒА ҚАТЫСТЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ ДАЙЫНДАЛАДЫ

08 Feb 2017 0 comment Оқылды: 684 рет

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Уағыз-насихат" бөлімінің басшысы Ершат Оңғаровқа имамдарға уағыз айтудың әдіс-тәсілін үйрететін арнайы әдістемелік құрал әзірлеуді тапсырды.

ҚМДБ төрағасы аталған оқу құралы дін қызметкерлерінің көркем уағыз айтуына, шешендік өнерді меңгеріп, шешен сөйлеуге серпін беретінін атап өтті.

«Сөйлеу өнері – сонау Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), ат сүрінгенше сөз тапқан ата-бабаларымыз бен би-шешендерімізден қалған мұра. Бүгінгі дін қызметкерлері пайғамбарлар мен кешегі дуалы ауыз абыз ақсақалдарымыздың мұрагерлері деп есептеймін. Расында, адам баласының талғамы өсіп, таңдауы артқан мына заманда біздің имамдарымыз да әсерлі сөз сөйлеп, халықты өзіне қарата білуі керек», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетсек, Діни басқарма қызметкерлері мен аймақтағы имам-молдаларға шешендік өнерден арнайы семинарлар өткізіліп келеді. Дәрісті Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры, елімізге танымал дикторлардың ұстазы Мұрат Әбзелбаев өткізуде.

ҚМДБ баспасөз қызметі

www.muftyat.kz 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз