E-ISLAM – Түркменстанның орталық банкі республикадағы ең ірі мешітті қалпына келтіру жұмыстарына тендер жариялады.
Тендер Ашхабадтағы Түркменбашы рухы мешітін толықтай жөндеу, құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналып отыр, деп жазады ca-news.
Бірінші тендерде сатып алу, қызмет көрсету, мешіттің лифт жүйелерін орнату жұмыстары кіреді. Екінші кезеңде су бұрқақтарын орнату, үшінші сатып алу мешіт іші мен аулаларындағы тас едендерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Түркменбашы рухы мешіті елдегі ең үлкен мешіт, әлемдегі және Орталық Азиядағы біркүмбезді ең ірі мешіт саналады. Мешіт атауы Түркменстанның бірінші президенті Сапармұрат Ниязовтың құрметіне берілген. Мешіт 2004 жылы ресми ашылған және 10 мың адамға арналған.