https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАЛА ЖАМБЫЛ БАС МҮФТИМЕН КЕЗДЕСТІ

13 Dec 2016 0 comment Оқылды: 791 рет

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ел арасында бала Жамбыл атанып кеткен жас ақын Жамбыл Дүйсенұлын қабылдады.

Кездесуде Бас мүфти жас ақынға ақыл-кеңестерін айтып, үздік оқып, кәсіби маман болып, халыққа қызмет етуге тілектестігін білдірді. Ақындық өнердің мәні мен маңызына тоқталып:

«Кезінде пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасында мәшһүр шайырлар болды. Сол ақындар дінді халық арасында насихаттауға үлкен үлес қосты. Пайғамбар ақындарға әрдайым қолдау көрсетіп отырған. Мен сенің ертең үлкен азамат болып, елге, халыққа қызмет етуіңе тілектеспін», – деп атап өтті Ержан қажы Малғажыұлы. Кездесу соңында бала Жамбылға батасын беріп, дұға жасады.

Өз кезегінде жас ақын ҚМДБ төрағасына «Періште тілек» атты кітабын сыйға тартып, 17 желтоқсанда Елордада өтетін жеке шығармашылық кешіне шақыру табыс етті.  

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз