«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық белесінде, соның ішінде діни салада жеткен жетістіктерімізде Сіздердің белсенді қызметтеріңіз бен тарихи, ізгі іс шараларыңыздың қолтаңбасы жатқаны даусыз.
Ұлтымызды имандылыққа ұйытып, халқымызды игілікке бастап, асыл дініміздің абыройын асқақтатқан дін жолындағы қажырлы қызметтеріңіз бен елеулі еңбектеріңіз үшін Сіздерге айрықша алғысымды білдіремін», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Рәсім соңында Бас мүфти алғыс хат иегерлерін дін жолындағы қызметті одан әрі үздіксіз дамыту керектігін айтты және бұдан кейінгі жұмыстарына жеміс тіледі.
ҚМДБ баспасөз қызметі
Muftyat.kz