Алматы Орталық мешіті Мәуліт мерекесіне орай, Адамзаттың асыл тәжі, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның ﷺ өнегелі өмірінен сыр шертетін бейнероликтерге «МӘҢГІЛІК ӨНЕГЕ – ӘЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА ﷺ» деген тақырыппен бәйге жариялаған болатын. Бас жүлдеге қажылық берілген бәйгенің қорытындысы Республика сарайында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өткен республилкалық дәстүрлі Мәуліт кешінде жарияланды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі аталмыш кеште өтті.
Бәйгеге жалпы ел көлемінен 15 бейнеролик келіп түсті. Бейнероликтерді ҚМДБ жанынан арнайы бекітілген сарапшылар құрамы сарапқа салды.
Сараптау қорытындысы бойынша бас жүлде(қажылық) «Жаспен жуылған сағыныш хаты» атты бейнероликке берілді. Видео авторы Алматы қаласы, Алатау ауданы "Әл-Азим" мешітінің наиб имамы, Нұр-Мүбарак университетінің түлегіКершеев Жомарт Жарылқасынұлы.
Екінші орын 100 000 тг. (жүз мың теңге) «Вечный пример – Мухаммад Мустафа ﷺ» атты бейнероликке берілді. Видео авторы қарағандылық Асылбек Мүкенов есімді азамат.
Үшінші орын 50 000 тг. (елу мың теңге) «Мейірімділіктің символы болған Мұхаммед ﷺ» ролигіне берілді. Ролик авторыРамиз Азизбекұлы Шакиров.
«МӘҢГІЛІК ӨНЕГЕ – ӘЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА ﷺ» бейнероликтер бәйгесінің сарапшылар құрамы:
1. Сарапшылар төрағасы: ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы;
2. Ғ.Мәжиев – ҚМДБ-ның аппарат жетекшісі;
3. Ж.Бекжігітов – ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі;
4. С.Шоқанов – ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
5. Н.Есмағамбет – ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы.